Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  119


Автор: Серік Жетпісқалиев

ҚАБЫРҒАМДЫ ҚАЙЫСТЫРДЫ-АУ, МЫНА ӨЛІМ

(Марқұм досым Төлеуғали Жұмағалиевке)
Қабырғамды қайыстырды –ау, мына өлім,
Мына өмірде өзің ең бір тірегім.
Күңкілдеген көп жаманның ішінде,
Жөнің бөлек, жолың басқа дүр едің!
Жалындаушы ең,
Жалынбаушы ең өзгеге.
Елгезек ең,
Келмейтін бір сөзге де.
Жармасқанды жапырушы ең қоғадай,
Қалай қалдың өзгере?!
Риясыз қуанушы ең көргенде,
Саған келсем болатұғын төр менде.
...Бала едің қиял қуып, армандап,
Сурет сап отыратын бөлмеңде.
Асқақтатып ән салушы ең, көтеріп,
Беу, дүние-ай, енді естелік етелік.
Бұл адамды, бұл тірлікті қойсайшы,
Неге болсын кетер әп сәт ет өліп.
Әй, досым-ай, әй, досым-ай, қинадың,
Қиналғанда Сары Арқаға симадым.
Топырағым болсын салған бір уыс,
Жете алмадым, осы өлеңді сыйладым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу