Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  84


Автор: Серік Жетпісқалиев

ЖОЛДА

Арқаның ақселеуі,
Тобылдың тораңғысы.
Жолымның бақ, демеуі,
Қорғаны болармысың?
Зарлы әнге салармысың,
Есілдің сәмбі талы.
Қол бұлғап қалармысың,
Сай-сайдың тал-бұтағы.
Қазаға сенбей көңіл,
Ой түтек тоқырады.
Түн қамап алған ба, кіл,
Өртеніп отына күн?
Асыққан осы халім,
Купеде отырғаным...
Бұйыртсын қайран шалдың,
Бір уыс топырағын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу