Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  85


Автор: Серік Жетпісқалиев

ҚОПАНЫҢ БЕТІН ҚАРА БҰЛТ НЕГЕ ТОРЛАҒАН?

Кейпі ме менің көңілімнің әлде сорлаған,
“Қопаның” бетін қара бұлт неге торлаған?
Дүниенің күңгірт әр сәтін бүгін жоримын,
Мұң әуенінің қоңырауы деп жолдаған.
Қыраным еді, қанатын енді қомдаған,
Жанарын тігіп, алысын әлі шолмаған.
Сол кешкі жойқын кезікпей саған,
Арман-ай!
Бұйырса нетті жол маған?!
“Күпірлік мұның” дерсіңдер маған, қайтейін,
Білемін десең қайғымды басар айт емің!
Қыдырған жаным таба алмай тағат қаңғиды,
Қадырсыз ғұмыр өтуде жылжып жәй, тегін…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу