Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  76


Автор: Серік Жетпісқалиев

МЕН БЕ ЕДІМ БАҒЫН АШПАҒАН?

Ол маған әлде ғашық болды ма,
Аққудай көлін аңсаған.
Жанары әлде жасқа толды ма,
Мен бе едім бағын ашпаған?
Ол мені неге күстаналады,
Желі ме еді ашу махаббатының?
Қанатын қағып, ұшпаған әлі,
Құсы ма еді шапағатының?
Душар ғып көлімді толқынға,
Шайқалтты неге кемемді?
Хақым жоқ еді толқуға,
Сүйіктім кімге сенер-ді?
Адасу бағына адамның
Жазған ба?
Қым-қиғаш тағдыр.
Өз жолын таппай азғандар
Жазғырсаң өзіңді жазғыр…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу