Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  81


Автор: Серік Жетпісқалиев

АЙНАЛДЫМ, СЕНІҢ САҒЫНҒАНЫҢНАН

Айналдым, сенің сағынғаныңнан,
“Серігім, сені сағындым!” – депсің.
Айналдым жылап, жалынғаныңнан,
“Тәңірден тілеп, жалындым” – депсің.
Тәңірдің қайтып қаһары, зәрі,
Тағдырдың тәтті тартылар дәмі.
Өмірі адамның аумалы емес пе,
Жайдары күндерім бар шығар әлі.
Көзіңнің жасын көрер жаратқан,
Жақсылық күт те, барға тағаттан.
Кәусар суындай тазарып келем,
Тамшылап өтіп сүзгі-сараптан.
Шыдай гөр-дағы, шыдай гөр, жаным,
Тілегім осы, тұншыққан зарым.
Қайғы мұңменен өткізіп жатсың,
Өміріңнің ең көрікті шағын.
Келте тонындай сайқымазақтың,
Біз көрген бақыт қысқа, аз-ақ тым.
Дүниеден аппақ түңілу – күнә,
Шегі бар шығар мынау азаптың…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу