Өлеңдер ✍️

  17.06.2022
  195


Автор: Серік Жетпісқалиев

КҮЗГІ СЕЗІМ

Сары күз сені сағындым
Көңілімнің көшірмесі едің.
Ағымнан саған жарылдым,
Сен қалай кешірмес едің.
Сырласым ұзақ жылдарғы,
Келдің-ау тағы кешігіп.
Жапырақ біткен мұңдарды,
Өшіріп жатыр, өшіріп.
Тынымсыз сыбыр, асығыс,
Айтады басу тізбелеп.
Өрекпіп өзен тасығыш,
Өкіріп жатыр күзге кеп.
Сары күз салқам, сабырлы,
Құшақтап алып бар мұңды.
Тірлікке мынау қадірлі,
Пендені жалғыз қалдырды.
Жүрекке салмақ көп мүлде,
Көп менің татқан кермегім.
Тарығып, жапа шектім де,
Күз болып қалды ермегім.
Сары күз сені сағындым,
Көңілімнің көшірмесі едің.
Айтпасам ашып сырымды,
Өзімді кешірмес едім.
Өшірген ыза ошағын,
Қайтарған кектің салқынын.
Күзіме кеуде тосамын,
Жазғыра көрме, жарқыным…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу