16.06.2022
  724


Автор: Махаева Айым

Жез құты

 


(Заманауи ертегі)


      Бұл оқиғаның қашан болғанын, қайда болғанын ешкім білмейді. Анығы, үлкен ас үйдің кішкене сөресінде ыдыстармен қатарласып бір жез құты тұрыпты. Алғашында ол өзінің жылтыр сұлбасын, сұлу сымбатын мақтан тұтатын. Алайда ешкім қолданбай тұра берген соң үстін шаң басып, өңі қаша бастапты.


 Құтының маңайындағы ыдыстар қанша қарапайым болса да, қолданыста жүргендіктен өздерін бақытты сезінетін. Әрі олардың күтімі де жақсы еді. Осыны көріп, жез құты өзін жалғыз әрі пайдасыз сезінді. «Бүйтіп керексіз ыдыс болып тұрғанымша, сөреден кеткенім артық!»  - деп ойлайды ол.  Үй иелерінің ұйықтап кеткенін күтіп отырып, бір түні құты сөреден секіріп түседі. Төменге құлдилап бара жатқан сәтте күл-паршам шығып сынып қаламын деп ойлап та үлкереді. Алайда, бұл ыдыстың өміріндегі бұл құлдырау жаңа биіктің бастамасы еді. Жерге жетем дегенше құтының ішіндегі темір салпыншақ шайқалып кетеді. Сөреден құлап бара жатып қоңырау ең алғаш рет өз үнін естиді. Түн ішінде сылдыр еткен дыбыстан оянған адамдар, жерде жатқан қоңырауды алып сыртқы есіктің босағасына іліп қояды. Әр есік ашылған сайын сыңғыр қағып, қонақтардың келгенін білдіріп тұратын құты өзінің ыдыс емес қоңырау екенін сонда біліпті.


PS: Қозғалмаған қоңыраудан үн шықпайды. Бәлкім бізге батыл шешім емес, жәй ғана қозғалыс керек шығар?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу