Өлеңдер ✍️

  16.06.2022
  307


Автор: Махаева Айым

Сүйе біл

Адамды сүйсең, кемшілігін де кеше біл,


Жанарды сүйсең жарқылмен қоса  жасты көр.


Мақсатты сүйсең, сынағын да сүй неше бір,


Күн нұрын сүйсең, көлеңкесін де жақсы көр.


 


Жақсының бәрі бола бермейді кіл мықты


Жақсы сөз сүйсең, сүйе біл және шындықты 


Құрлықты да сүй, теңізге қалай құмартсаң 


Өмірді сүйсең, сүруді де сүй тірлікті. 





Ақ таңды сүйсең, сүй және мақпал түндерді,


Мақтанды сүйсең, көтеру керек күндеуді .


Сүйкімді болу шарт емес сүйе алуға ,


Сапарға шықпас сүйе алмағандар сүрлеуді .


 


Тәтті сөз сынды, тәтті асты да сүйесің


Кім сүйсін бірақ қазанның қара күйесін? 


Даналығын да , балалығын да сүй қарттың.


Батаны сүйсең, сүй солай оның иесін 


 


Ұша алмайды құс сүймеген болса қанатын ,


Жұлдыз болмайды жарықта ғана жанатын.


(Жұлдызды жарық еткен емес пе қара түн?) 


Сан қырынан сүй! 


Шын сүйгеніңді сезесің,


Сүйсінген жанның сүйе алған сәтте  ағатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу