Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  99


Автор: Сұраған Рахметұлы

Құрамай қапқан аязды, ақ таң Тұстардай,

Құрамай қапқан аязды, ақ таң Тұстардай,
Түнемелі өлке, түксиген қырлар,
Түнгі ызғар.
Қонады қалқып қанатсыз сансыз
Құстардай,
Жолақты көкке мұржадан ұшқан
Жұлдыздар.
Кіреуке жібек қоңыр төскейге
Қамалған.
Тып-тыныш аумақ (Байғыздың ғана Шыңда әні...)
Тың иісін сүйреп жабықтан енген
Самалға
Майшамның жүзі «төр жаққа кел» Деп ымдады.
Сонау биікке шырқаған шоқтар
Зау қайғы,
Алабұртады көкірек
-дүлдүл басылмай.
Зілмауыр тұстың маңайында
Аунайды,
Түнгі ауыр қараңғы, арудың қараша Шашындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу