Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  100


Автор: Сұраған Рахметұлы

ТҮН. АЛАУ

Тас төбеде қиылып,
Андыз-андыз гүлдейді от.
Түн парағы жиылып,
Баса түсті-ау зілдей боп.
Ең соңғы рет күйініп,
Жаңа батқан күндей боп.
Жалын басы иіліп,
Көлеңкені үрлейді от.
Қияңқы өскен қияқты,
Қылаң самал қорғайды.
Түкті айдаһар сияқты,
Түн жұтады торғайды.
Жарық... Түнек... Жарасым?
Торғайдай бақ-мәзірге?..
Ой мен түннің арасын
Бөліп тұрмын әзірге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу