Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  69


Автор: Сұраған Рахметұлы

СОҢҒЫ МЕЗГІЛ

Біз сіздің алақаныңызда тұрғанда:
Нөсердей едік алғашқы,
көлеңкелердің көне шетінен ұрланған.
Көбелі іңірлерге жалғастық, содан таңдар алмасты.
Батысты алаулы жалқындар басты,
уақыттар жалаңаштанды.
Барлық құрақтар жылап бұл маңда:
Күміс жұлдыздар жанды ана аспанда,
Уақыттар жалаңаштанғанда:
Фәниден аулақтап сана қашқанда,
Көңілдер жармасып өрмекші торына
шырмалғанда:
Бидайлар боздап қырмандарда.
Азулар шықырлағанда зады бір заңда,
Көктің көлемі ажарсыз тартып, әлсіреп жүдеп
тұрғанда.
Тықтық біз шөкім асқазанымызды
Мидың қабыршығы мен жабық ұжданға...
Біз сіздің алақаныңызда тұрғанда:
Өз көлеңкелерімізді жек көретін едік тек іштей.
Сол көлеңкелерге салық төледік өзіміз тойып жеп,
ішпей.
Сана қайшылығын жасадық Эйнштейн мен Зевстей.
Біз сіздің алақаныңызда тұрғанда:
Жайлы едік ешбір жұлдызсыз қонақ үйдегі
әркім киетін кебістей...
Бетховендердей тек бітеп жарғақ құлақтарымызды.
Жалмадық! Маңырап күн кешкен өз лақтарымызды.
Платформалар сонадай ызыңдап тұратын ұзын
сымдарда,
Тек бидайлардың басы ғана орылды тегіс Сталиндер
тырнаған
улы зынданда.
Тірі жүлгелер жүзді орақ пен балғадан қалған
жын, қанға.
Біз сіздің алақаныңызда тұрғанда:
Алып еге ар ғана уызын басқаға емізбеді.
Таза негіздер өзін жасырып қалды қызыл лебіздегі.
Жалқылар шідерін мақтады,
өңшең жылқы мінезділер ғана
өткеннен күдер үзбеді.
Оспан сындылар өз тамырларынан сөз қанын іздеді.
Біз сіздің жылы алақаныңызда тұрғанда:
Күлмейтін зілдей қатерлі жүз егіздеді, қуып күзен
іздерін.
Тас асфальттардай суық жүзділер ақты (белгісіз түп
негіздері)
Қара кекілділердің барлық талшығына улы шырақтар
жақты,
Көкөрім күйінде көктей орғызды көкөрім бұтақты.
Желтоқсандарда көк бөрілер бөртіп,
бауырын төседі қалың
мұздарға.
Алма ағаштары Кремльден соққан, бағынды қатал
ызғарға...
Дауылдар жапырды тамырларды жаңашыл
уағыздарды.
Үнсіз жанарлар оқытты біздерге:
«Есікті ашпаңдар»,
«Сенектің кілттеулі үңгіріне үніңді тастаңдар» дегенді.
Біз сіздің алақаныңызда тұрғанда:
«Өлімің жөнінде өлең жазғын»,– деп, «Вирусты қалам»
ұстатып,
«Өз үніңді өзіңнен азғыр»,– деп санаңды қырқып,
бабаңды қарлы далада
қыстатып,
Сұраусыз балапандарды шулатып, ана құсты атып,
Жел соғатын еді талай көктемде зәрлі жымиыстардан.
Қиын істерді үрейге орап, қарар қабылдаушы едік
кәнігі жиылыстардан...
Түйенің табанын бетке жапсырып,
Әлемнің барлық қасірет картасы сызылған.
Қу жауырындардай ақ сұры. Ақ сұры бұлттай жылай
алмаған...
Кім едік осы тақсырым?!
Басқаның құдайы алдаған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу