Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  88


Автор: Сұраған Рахметұлы

Келе жатқан күндерге шашамын жем...

Келе жатқан күндерге шашамын жем,
Өз ойымды іздеймін ашалы іннен.
Ізім түскен соқпақтар– айшықты өлең,
Әр қиқым шөп сөйлейді
Шашаны ілген.
Шабыт білте секілді сығырайған,
Жел соғады тысқары
Күн райдан.
Арашалап арымды
Сұмырайдан,
Ми мен күйдің арасы ірі майдан.
Ұмытылып бір шыңда жалау қалған,
Көзден тұма ағады,
Танаудан қан.
Қарауылда қара өлең,
Қара уағыз,
Сау қалғаны сары ауан, санаулы арман.
Азуымды аз жылда мүжіпті өрік,
Сәттерімді санаймын
Тізіп, теріп.
Жапырақтардан бірдеме өтінемін,
Жасынымнан азырақ үзіп беріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу