Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  90


Автор: Сұраған Рахметұлы

Етегіне оралған көк сағымның...

Етегіне оралған көк сағымның,
Көше бойы көгершіндер. Ағым мың.
Үшінші көз, көрмейтін без
Зағип көз,
Керегі не жарқыраған қабыңның?
Бәйтеректің тамыры ауып
Діңі іріп,
Ширатылды әр төбенің сіңірі...
Өз киесін, әз жүйесін,
Сақтайды Ел,
Таңғы зейінін түн ішіне сіңіріп.
Домбыраның үш ішегі тұр Сыптай,
Пернелерді жұлқылайды қырсықтай.
Тек миларды айналдырып Ойнаған,
Уақыттың тегершігі ұршықтай.
Уәж тапты бұл себепке
Кім нендей?
Әлсіз білте түн ішіне сіңгендей.
Боздап қойып еңкілдейді
Есіл ел,
Өрісінен үйге қайтқан інгендей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу