Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  84


Автор: Сұраған Рахметұлы

КЕПИЕТ. ЫМЫРТ

Киер киім, мінер ат, жеген астың,
Киесіне жолығып
Кебек астым.
Қаламымның ұшында
Қарға ізі,
Қасиетіме қақырып, неге
Маспын?
Етегінен қарманып еге ластың,
Етбетіммен жер Қаптым, шеге бастым.
Күн батқан жақ соңында
Шуақ қалды,
Екі қолды артқа ұстап белең
Астым.
Көз жасыма бөгіп қыр
Жыңғыл үсті,
Жалғыз үрей басыпты
Мың дыбысты.
Ертегінің ең соңғы
Мәтініндей,
Атымды атап басымнан
Бұлбұл ұшты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу