Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  73


Автор: Сұраған Рахметұлы

ОЙРАН

Өлеңінен,
Сөйлемдер нүктесінен.
Өкініші көп күндер шықты есінен
Ұлар күннің дүрліккен арасынан,
Ерте жазған бір хаттың
Бүкпесінен!
Тың қасырет табылды күтпеген
Бір,
Қайта айқасты баяғы сүт пенен
Кір.
Ескі жара, ескі жол
Ешкі қылық,
Еске келіп тығылды бітпеген
Жыр.
Тік жазулар көз жасы,
Былғап кеткен
Сұп-суық жүз қарайды күллі
Ақ беттен.
Мына бір сөз – кекеудің егеуіндей
Мына бір сөз –
Жаныңды тырнапты еппен...
Күн күркіреп жай түсті
Бір жақ шеттен,
Қызыл тілде қыбыр жоқ
Құрғап кеткен...
Көздің жасы, көңілдің тамшысы
Ыңғай,
Ырғап өтті шықшыттың шаршысын
Жай.
Қақ маңдайда қаймықпас
Қара кірпік,
Қара бұлттың шықпыртқан
Қамшысындай.
Бұл не деген дерт-ұғым
Былық ғұрып?!
Көмейіңе от жақты, шұлық
Тығып.
Хаттың қара түтіні налалы ыс,
Төбе шашыңда ойнайды жұлып
тұрып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу