Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  201


Автор: Сұраған Рахметұлы

Төбеден шашым қашты бас ауырмай...

Төбеден шашым қашты бас ауырмай,
Қап-қара Айдың сұсы өктем
Жасауылдай.
Ала мысық құйрығын сілтеп қойып,
Көлеңкенің көрпесін
Басады ыңғай.
Бір ғажайып ақынның
Түсіне еріп,
Бұлақ тулап аунайды
Іші керіп.
Алаң
-елең үрейдің,
Басқадан да,
Көкжиекті көмкерген тысы көрік.
Қалтарыста қаймағым
қалды ма деп,
Қаракөз таң жайылды
алдыма кеп.
Ала шапан жамылған бір
жыл қайтты,
Жүз Нұр қайтты, арты– заң,
Алды– ғадет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу