Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  168


Автор: Сұраған Рахметұлы

Әудемнен келген әуенмен....

Әудемнен келген әуенмен:
Тамшылап...
Мұңдар әдемі
Мың шуық тұнған мәуеңде,
Құстардың салған
Һә – демі.
Жып-жылы жүрек балапан,
Жұмулы көздің алдында
Ақ.
Аялы таңдар, Алақан...
Жүзімді сипап... сәл дымдап...
Айналып аққу құсың да,
Жылайды...
Дауысы сан сыңар.
Ышқынған толқын ұшында,
Ызалы салқын тамшылар.
Ернеулі бөктер, сағым ән,
Ерменнің иісі қалампыр.
Күншығыс жақтан сағынам,
Күн сала қарап
Анам тұр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу