Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  66


Автор: Сұраған Рахметұлы

Меңіреу үнсіз, жасыл аспанда шуақты...

Меңіреу үнсіз, жасыл аспанда шуақты,
Көмейінен мұң саулап,
жалқы қу ақты.
Боз дала боздады арайлы сағым астында
баяу:
Ала қыраттар сапырып барлық бұлақты.
Самала сенің қолыңдай буатын еді
Жұлып алқымнан,
Пейіштің мейірімі келетін-ді мекиен ұлыған
құмнан.
Бозторғай иітіп сайлардың тұма тамырын,
Жартастар үн есті құстардан жұққан жылы
қаңқылдан.
Ұзыннан-ұзақ сағыныш шұбап
Ұлы Маң құмнан,
Сыр келе жатады жиектеп, тұнық аңқылдан.
Ай деген масқара тілі салақтап
Сұқтана жалайды,
Айдында жатқан сынық алтыннан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу