Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  90


Автор: Сұраған Рахметұлы

Келте долбар, кесінді тұжырымын...

Келте долбар, кесінді тұжырымын,
Кесіп жеумен келеміз
Жүз ұрының.
Қайратым мен жанымды
Қажалайды,
Майда тілден сырғыған бұжыр Ұғым.
Сабырлы кем бүгінде:
Сақтар батыр.
Бұлбұл қонар бұтақта ақ қарға тұр.
Бек адалды қабатын
Иттер даяр,
Тек жүйкеге шабатын
Қақпан жатыр.
Милау жайлап ауылды:
Қиқақ тойып.
Пернесінен жаңылды күй-һақ мойып.
Ту маңында
Жаны бар Қанжарлар жүр,
Кіндігінің түп жағын сипап қойып.
Тау биігін ұмытып:
Түз ырымын.
Құлақтарға сіңірдік құзыр үнін,
Заман сәнін келтірер
Адалды андып,
Бадамшаны ториды Қы-зы-л і-р-ің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу