Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  92


Автор: Сұраған Рахметұлы

Шулаған қаз үніндей ме...

Шулаған қаз үніндей ме,
Сөз көгінде бір гәп бар,
Ойнақ салды кеудемдегі кимылы әрлі
ырғақтар.
Балапанның шиқылына бастау қосып
шылдырын,
Тікенектің уысындағы діріл көмей
тіл қатты ар.
Күн соңынан күрсінбес ем,
Жыл маңдайы мың қатпар,
Әркім тулап тоздырған ба, қуаң тартқан
тулақ бар.
Аянышты қасиеттерді басып тұрған
жоқпыз ба?
Аяғымның дәл астынан айқайлайды
құрғақ қар.
Көкке ұмтылған
Көк бұтақтар, төмен шашқан тамырдан,
Көкірегіме ұйымады
Дүйім ауыр сабырлы Ән.
Тек кешегі өшкен дәндер түйірі ме
кім білер?
Қанның иісі аңқиды екен жаңа илеген
қамырдан.
Ақсауыт қыр, ақ сеңгірлер,
Балағы алтын– Құмдақтар.
Жұрнағы жоқ уақыттан жуаңда өктем
жұмбақ бар.
Сол жуаның шуағымен жанарымды
Таңбалап,
Бір көлеңке ербиеді ең ақырғы құндақта.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу