Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  84


Автор: Сұраған Рахметұлы

Бүгін қар жауды, бірақ та құм аралас...

Бүгін қар жауды, бірақ та құм аралас,
Құзғын семіз,
Құлқын сау, құла дала аш.
«Іштен тиген дерт жаман, сақ бол» дейді,
Бір ағаға сүйенген бір аға мас.
Аға кызу, сөз дөкір,
Менің жайым: жаға жақтан тындаймын
Сөз ыңғайын.
Жылан қияқ айтады:
– Ей, мақұлық,
«Сеніп жүрген көгіңнен бөлінді айың...»
Ай бөлінсе берейін бар дауаны,
Ар ішіне шақырсын таңғы ауаны.
Тфу, тірі ескерткіш.
Мен не дейін? Жанарыңнан:
Қан аралас қып-қызыл қар жауады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу