Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  73


Автор: Сұраған Рахметұлы

Бәрі бекер қызылы бар, қызығы бар

Бәрі бекер қызылы бар, қызығы бар
Сағымның,
Аузына ұрдым қақпаның мен тағыңның,
Табылмайтын ұжымақты
Неге сонша аңсайсың,
Бар несібең, ырысың да кірісінде жағыңның.
Күшік өмір сілкінеді іздейтіндей түзде ісін,
Түтігіңнен қашқан ұшқын:
Түзден ниетін үзбесін.
Хан сарайы, қайыршы өлген қайран
ана-дала мен
Сенің соңғы тірлігіңдей екібеткей күзге сын.
Ит жатағы, қоян жымы – бүгінгі өрнек
құр ада.
Өрнек мәнін,
Жөргек мәнін ұқпадық-ау сірә да.
Сақтандыршы, майдан-ғасыр, алдамашы, өтінем.
Сақтандыршы
Қайырымы аз мынау масыл мұрадан.
Қайта айланар айбарлы айдың сақалындай
Желік кіл.
Жанның нәзік шапағы кеп балағатқа жеріпті.
Желбегей шөп,
Кешір бізді, уақыт...
Кекселенбес сағыныштар қоштасуға келіп тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу