Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  83


Автор: Сұраған Рахметұлы

Қайталады -ау тырна үнін шың дара...

Қайталады-ау тырна үнін шың дара,
Құлын туды енесіні
ң тамырынан сырғанап.
Барлық әлем кісінейді,
Сол сәттен соң, ғажап-ай,
Жансыз әуен көзін ашты тырналап.
Ана Алтайдың ар жағынан ақжал атым
арқанын,
Соза тартты ойнақтатып бойындағы
бар қанын.
Шоқтығына жел жетпейтін ірі шыңның
ығында,
Қарауылға байлаулы екен– қайран менің
тарпаңым.
Қарапайым, қара ырыс, ой-бой, неткен
қаралы іс,
Басталмаған келешектің түбі жыртық
парағы ыс.
Бұталардың өңі пәстеу көрінеді, тағы да
Кәрі апамның білегіндей
Қаудыраған тарамыс.
Сан мың қиян көрінеді осылайша дүрбімнен
Бір күнге арнау таба алмадым бір күнге ем.
Үлкен үйдің іргесі алыс болғасын ба
кім білген,
Үзеңгімді ұзарта алмай жүрмін мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу