Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  77


Автор: Сұраған Рахметұлы

Сауал жусап жатады әр ізде мың...

Сауал жусап жатады әр ізде мың,
Қайрақ тасты тырналап нәр іздедім.
Қыңсылаған күшік үн қайда қашты,
Кеуіп қалған тіліме
«Қарызды едім».
Құм көшегі күй салып, өз қанын жеп,
Сыбызғы ойнап келеді,
Тозған індет.
Торала бел сауырына жыра тартып,
Көмейінде сол белдің боздады інген.
Ит солықтап ішінде көсегенің,
Қапырық кек шашады
Көсе-көгім.
Түсім сынып амалсыз айға соқты-ау,
Көбелектің қанатын төсенемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу