Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  92


Автор: Сұраған Рахметұлы

Дымын жұттым күн сайын

Дымын жұттым күн сайын
қара бастың,
Тұмсығы қан, тойымсыз
талады аш мұң.
Кештің соңы– кереғар
Мазмұндардай,
Кештің соңы– кеселді
Жалаңаш тін.
Иықтағы жүк жеңіл,
«қарбыз» аман.
Дала бауырын күн сипап,
қар бұзады әм.
Бүгінгі түн түн емес,
нағыз бей-түн,
нүндізінен жел– еспес
Жалғыз адам.
Жалғыз адам– қара тін
қара жұмбақ,
Бақылдайды ол жан-күйін
сәл адымдап.
Көзін тастап жоғалған
шалғайдағы Ол:
Шақырады шарасыз сананы ымдап.
Біз құйрығын бұлғайды білте
түн де.
Мыс мүйізді бұғы жүр бұлт
өтінде.
Жалғыз дана,
Жалқы бас қу-мүсініннің
Кек ойнайды кедірлеу
ұрт етінде.
Сілкінеді бір ауық күйе-күңгей.
Түз түнегі бейтанық
киелі үндей.
Ай, ай туды /қараңыз!/
Қалтарыстан,
Тіс мүжіген өріктің
сүйегіндей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу