Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  106


Автор: Сұраған Рахметұлы

Сайдың ыстық қолтығына құлап түн...

Сайдың ыстық қолтығына құлап түн,
Сілекейін сорып жатыр бұлақтың.
Бірақ, мұнда бір ғажайып ән бастап:
Жетім даусы жаңғырады лақтың.
Әлсіз зарлау, әлсіз маңырау «қуатты»,
Құрышына жабысады құлақтың.
Ел қыдыры соңғы әуенге басты ма?
Ен дүбірі таяп келді жырақтың.
Шекесінде бақыты жоқ кертік қыр,
Сол лақтың көмекейін шертіп тұр.
Ес түбінен қос иінін қозғап Ой:


– Семсерге де, – дейді,


– берік серт ұқтыр.
Сақал шашы жалбыраған қара аспан,
Сыр тартады Шам, Самара Тарастан.
Көз түбінен қос иінін қозғайды Ой:


– Өз тілегі, өз қарнына жарасқан!
Лақ мұңы:
Жел қайғырып, құм күлер,
Лақ мұңы
– түнгі шипа, түнгі мөр.
Осылайша Рим қайта түлеген
Осылайша маңыраған Үнділер!
Алыс менің сәттік, сәттік
Жұмағым, Десем тағы маңырайды лағым.
Құшып сүйген бабам неткен мәрт еді...
Махамбеттің тұлпарының құмағын.
Лақ мұңы: Мені жынды қылатын,
Мұнарыңа ора, ой-хой, бұла түн,
Құйқылжытып қайда қашып барасың?
Құйрығында жұлдызы бар құла атым?
Амал бар ма ақ лақтың «мысына»,
Тартты мені тау киенің ішіне.
Сол дауысты, жібек қанат дауысты,
Түйіп алдым қаламымның ұшына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу