Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  96


Автор: Сұраған Рахметұлы

Жел жазықты кезеді...

Жел жазықты кезеді...
Бәлкім бетпенен.
Көлеңке сипайды салқын леппенен.
Көктен,
Көктен ризық жауғанша: – Көктем!
Көктем!– деп мәлкілдеп келем.
Шыңдар тәкаппар
Шаңқан шатыры ақ.
Өзгеше өңге енген
Өзгеше атырап.
Аспанға алақан жайып
Шырақ сұрай ма,
Кешегі сөнген жапырақ?
Бақыт біткенді,
Бақыт біткенді тысқа бағыштар,
Қабағын түйе аққан сұрқай Дұшпан ағыстар
Балапан үнімен қиқу боп ұшады-ау тағы–
Кеудеме қыстаған құстар. О, тәңірім!
Қалайға қалай ауысты арманым?
Көктем...
Сағындым, иә, дауыстар дәмін.
Неліктен қуанады екен
Желіккен самал мен
Ақ пейіл Сауысқандарым?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу