Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  90


Автор: Сұраған Рахметұлы

ТҮС

Бақұлдасуға жара– Күйіммен,
Періштем келді ақ ниет, Қара киіммен.
Жансыз адамдар кеткен
Мәнсіз фәниде мынау
Сансыз пырақтар әлсіз
Пысқырған санада үйірген.
Майрылтпас мейлі
Тосыннан келген мықтылық
Кімді.
Өмірдің бәрі шүбә мен
Күман-күптілік тінді.
Қара киімді,


Қасиеттінің алау нұры ма,
Дара жанарда дара
Шық тұнып тұрды.
Құлын күндер-ай.
Қаралы тобынан адасып Қалған.
Жарасым келер ме енді, Жады ашықтардан.
Қалың қыршын ерлердің
Зәрін іштірген,
Жаным түршігер түрлі
Қарашықтардан.
Байыпсыз аяз, бала-самала,
Бағасыз аптап.
Қара көз толқиды жайсаң,
Жағасы аппақ.
Меңзең рухтар қалқып Қарала бұлттарға енсе,


Өндірде өледі ағаш лақтап.
Жаным кісінеп жалғызсырайды,
Жақсы емес жайым.
Жақыным алыс, маңымда бақсы-Елес.
Уайым.
Оу, аспан төрінен ажарын шашқан
Ана-тәңірім,
Аман тұрсың ба,
Жаман ақ тегеш-Айым?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу