Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  74


Автор: Сұраған Рахметұлы

БОЯУЛЫ МАУСЫМ

Жібек бұлттардың шетін сөгілген,
Жерошақ түтінімен жамап... Ауылда.
Тастардың секпіл бетіне сіңген,
Сезім қынасы ғажап... Жауында.
Дала әлдиі жүдеп түнеді,
Бозала биедей құлынды таңым – бие бауында.
Дір етті демім, самал жел баяу бұлқынып,
Қызыл шырақтай жүректің өңі.
Тана гүлдер де жаутаң аяу – нұр тұнып,
Түте бұлт жылап өледі,
Найзағай шықпыртып тіліп;
Сұрғылт желеңі – өңірін өрт шалған,
Тұтқыр түнектен.
Түте бұлт жылап өледі, тәңір айығып.
Меруерт тісінен күлкісін төгіп,
Шие ернінде қира дауысы таң райының.
Мейірім жылуын жинаған тау іші.
Бота көзіне мамыр айының
Майса шықтарын сыйлаған
Маусым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу