Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  59


Автор: Сұраған Рахметұлы

СЕНЕН...

Жанымен сезінер ғаламның өлең-дастанын,
Санама көтерген жерін кең, көлемді аспанын.
Даланың үнімен қаламым жортады,
әнімен, жаныммен,
Сөнемін қас қағым.
Алмаған басқадан қол ұшын, таңдаған тон ішін,
Қазақтың қайғысы – соғысым, қонысым;
Сол үшін – сенен басқамын, бауырым.
Сан қилы баста мұң, діңімде сау ырым,
Шыныммен таусылам түнімен тамшылап.
Тұнатын таң шығы жаралған тамшыдан дәуірім,
Белдерден асқамын сан ғұмыр қаңсыған,
Сол үшін – сенен басқамын, бауырым.
Тәніме таңбалап мың сырлы баспа ығын,
Жүбінде өрілген мың түрлі таспаның.
Түбіме жететін жегі кем – борышым;
Сол үшін – өзіңнен басқамын, бауырым.
Көзімде аулағам мекиен сор ішін,
Көтеріп қайысқан көкөрім жауырын,
Гүлдерден жан сұрап... Жырымен аршыған
Жылқының сауырын.
Нәр алған парсыдан сан ғасыр – сау ұғым;
Сол үшін – сенен басқамын, бауырым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу