Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  91


Автор: Сұраған Рахметұлы

Құрақтың соңғы құшағында жатып...

Құрақтың соңғы құшағында жатып,
Шық теріп,
Жырлар шырқау көкке тарайды алыс.
Тамырлап бағыс түптері.
Күз шырақ білтесі – жанып жақұттай
Кебіс жұлығында көмілген дестелер,
Жеңістен өлген уақыттай.
Құстар ұзаққа ұшады айлап, мамығы қайсар,
Жолдар тағдыр қиылысындай,
кештер – тамұқ лайсаң.
Тағдыр қиылысындай.
Құздары ызғарды иектеп жататұғын-ды,
Иіні сымдай.
Күн жиектен соған батады
Мұңлы қыздың соңғы жымиысындай.
Шиқылдап ойлар ғасыр запыранында,
Көнелеу бағыты.
Көктемнің жасыл жапырағында көбелек табыты.
Өкініш өлшемдерінен көлемдер
Шалқып, күшеніп, қардың талшығындай
Таза өлеңдер қалқып түседі
Күз шырақ білтесі – жанып жақұттай.
Кебіс жұлығында көмілген дестелер,
Жеңістен өлген уақыттай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу