Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  117


Автор: Сұраған Рахметұлы

МӘН НЕМЕСЕ ТҮСТЕР ИЛЛЮЗИЯСЫ

Қараңғының ойығында тұр шырақ,
Қара ағындар тәуелінде шылғи
Мән.
Жапырақтың әуенінде мұң сұрақ,
Құлағыма қазық қағып,
Құм құйған.
Темір торға арқандаулы дәріптер
Әріптерді нұсқайтынның тілі
Мөр.
Түстеріне енетіні ғаріптер,
Түс үзілсе ғалам түгел бүлінер.
Түз оянар сансыз түске қақалып,
Бояуына тайғанақтап жер-көктің.
Қыл қаламы қара шалдың
сақалы,
Қимылына аялдайды жөргектің.
Кеудешенің түймесінде кідірген,
Түз үзігі түнеріңкі – күлте
түр.
Ай табанын сүйіп қойып күдірде
Таң мен түнді қақ айырып білте тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу