Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  79


Автор: Сұраған Рахметұлы

МАТИСС ҰШҚЫНЫ

Құстар сағым алыстады,
алыста.
Балапаннан бала үнім бүрледі.
Күліп тұрып жылайтұғын қуаныштай,
Балағымнан құпия жел үрледі.
Жылау, күлу керек емес,
қазіргі ем:
Матисс жолы – басын иген бөрте егін.
Ақ күшіктің көмейінде жаз үрген,
Жағалау мен жалдың үсті өртеңің.
Құстар қашты күзден аттап
қыр асты,
Қанатында құрастырған бояулар.
Ғаламда жоқ реңдер мен
құба ұшқын,
От үстінде жылап тынған
ояу қар.
Сансыз жұлдыз шөп ұшына жайғасқан,
Тірі шырақ шоқ ішінде сөндірген.
Күн шетінен көсіп алып
айлы аспан,
Түз бетіне төге салған өндірден.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу