Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  67


Автор: Сұраған Рахметұлы

ШЕГІНІС АБСУРДЫ

Қиял жаныңа естелік қалтырды,
Жүрегім жұлым,
Аунаған толқындай санам да сан қырлы...
Білемін. Зіл. Үн...
Жаңбырлы.
Ашық терезе. Жауынның иісі.
Біртүрлі ән демі жоғалған.
Ескі белгілеу,
жыртылған.
Ескі сағыныш, іркінді. Паршамын.
Кей сөзім әлемнен алыс, бей сезім аяп
аршаны
Мың ғасыр бұрынғы жазылған хаттай
Шаршадым.
Уақыт сыңар қанаттай. Маңдай да қатпар.
Жыртық кеспірде жыртың күлкінің үзігі,
Таңдайда дәт бар.
Зағип бөкендей жалғыз жол, бұдырсыз,
сызығым,
Жұлдызын теремін жұлдызды жылқылар
ізінің.
Өткен шақ өзіне сіңіріп алады
өкпектің ызыңын.
Кей сезім өзімнен алыс піседі...
Түседі ми үстеп.
Раушан гүлінен азырақ үзіп ап
иіскеп... Талшығым.
Кешегі ізімнен, кешегі мүйісте.
Өзім тығылып, өз табаныма. Өзім
жаншылып...
Жолдармен адасам мүлде созылған
сұлық. Қиял жанымда естелік жылайды,
Жұмыртқасы ұлып.
Күнім өртеніп батады ымыртқа сіңіп
Тозған суреттей;
Әуенім– қателік, қаперім– қасірет
тұман.
Түн ауып барады, құлақта желік,
Тас леп. Дүрмектей.
Тамшы жұлдыздар әлдилеп жылауық
даланы...
Бәрі де күмән!
Бәрі де Лаң!
Соқыр тауықтар маңым, шашылған тары,
торыған мысық.
Құнарсыз қыртыста құлаған сары қар –
құсық.
Есік көзінде жер ошақ. Төрт көзді...
төрінде ұшық.
Қиял жалауы желбірейді алыста. Бағыштап.
Мәлім... Күш... Ақпар...
Құрттаған сөйлемдер, қалың кітаптар...
Жалын.
Жаныңды ұсақтар. Залым құшақтар!
Өлі жанарлар, қайраулы азулар, байлаулы
жазулар.
Жетім нысаптар.
Өрді, өрді ұмытып, сырғимыз, ылғи біз
тегін ылдимен.
Шегініс секілді жылдамдық
ілбиді Ең...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу