Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  93


Автор: Сұраған Рахметұлы

Бұлттар қалқиды биікте көлеңкесі ауыр....

Бұлттар қалқиды биікте көлеңкесі ауыр,
Көкек еңіреп оянды ана талдағы
Сәуір кісінеп бір сәт
Алақандағы.
Тұмса бұталар жанары балапандады,


Сағымдар жұп-жұмсақ көрпесін жабады,


Иісі нәр дала демінің.
Бидай сабанында жаны,


Сорады таулардың сала желінін.
Қаздар қаңқылын лақтырды төбеден
Тамшыға байлап.
Өлең боп өреді сосын, өлеңмен
Қаңсыған аймақ.
Аппақ пырақтар бусанып, жусайды Табаны балқып.
Айдың арайын төгеді шаршы маңайға
Тізбегі құстың– түздегі ұлар-шу,
Іздегі жаршы.
Жапырақ жаныңды жалына тартады


Біздегі әр шың.


Сағыныш самайдан баяу сипайды
Кезең жақтағы.
Ақ үйлер. Салт аттар кермеде.
Көк ала желегін көкке жаяды
Тезек жаққан үй.
Күй сыңсып пернеде.
Белегір, тоңғақты қозы, ырысты үйлесім,
Өлең ырғақты
Көк жиегінде әжем түймесі, Сере құндақты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу