Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  87


Автор: Сұраған Рахметұлы

Аспанымнан ағады өнімі жоқ татыр Ай.

Аспанымнан ағады өнімі жоқ
татыр Ай.
Мезгілі бар екі өңмен
Мың шегіртке секілді Уақыт
-ай,
апыр
-ай!
Қарғып өткен шекемнен.
Уақыттан ұрлап ем, ұзақ тұрмас
таңды бір.
Қоразы кеп шақырды,
Үзігіндей өлеңнің (Қызыл шоқ боп жанды қыр).
Шырағдандай ақырғы...
Көздің алды бағалы– өрнегі сән күміс қар,
Ши басына күйреген
Жасыңды кеп сүртетін, көлбеген
сан дыбыстар
Естілмеген сирек ең.
Таң бедерін жалады жан бітіріп
жыр кеме,
Тағы мұнар дымы...
Сай бұлағы кісінеп жетіп келді
іргеме
Ағыны бар жылы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу