Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  74


Автор: Сұраған Рахметұлы

Көзімнің алды көгілдір оттар...

Көзімнің алды көгілдір оттар,
Жалқын ән...
Ерні кезерген кең іңір.
Етегі көлбең, көл-көсір мейірім,
бал тұман!
Желкесі жібек, жеңі нұр.
Қара түн мүлгіп жаяды шашын
Мұң-ару
Өліара өңді шың-құздар
Мың ғасыр бұрын жазу боп
сөнген сыңарың...
Кірпікте шықтар, жұлдыздар...
Кеңістік алдың, өрмекші торы
ай ізі.
Аяулы шөптер, тай жалы?..
Жиекте жібек жиденің қызғылт
қайызы;
Ай ізі сансыз найзалы.
Жып-жылы шығыс, көгілжім
ұлпа жабағы,
Үркермен жусап Иек қыр,
Жаудырап тұрған аршаның
бір тал сабағын
Қобыздың үні сүйеп тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу