Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  64


Автор: Сұраған Рахметұлы

БИІК ҮЙ-МАЛИЛЕР

Биік үйлер, үрейлі үйлер иен молаға ұқсаған
Тірі өліктер ұйығы.
Айқайлайды асқазандар қасап жақтан шықса қан,
Өркениеттің сыйы бұл
Биік үй.
Ызғар, аптап, сазды қыртыс, әуен қайтқан
құстармен...
Жан тынысы – көлеңкенің ұйығы,
Әр қызығын өлшеп, өңдеп өңшең градустармен,
Ықтап жатады тұйығын.
Биік үйлер, үрейлі үйлер иттері нән үретін;
Кабурлерде күшіктер...
Тас балшықпен тас сана өсіп, тас сорады тірі етің.
Тор ішінде түсіктер.
Биік үйлер, биік таусыз, жансыз, нәрсіз, жусансыз,
Сыра жалап жәндіктер...
Қан базарда зәр де, зар да, мал да мұнда шу сансыз,
Бұратана бандиттер,
Құла алаңды күреп-күреп, тұрақ соққан ісімер;
Күн көсемнің балиі...
Кеудедегі түрмелерге шырақ жағып кісілер...
?..
Лә-ми-ім...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу