Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  71


Автор: Сұраған Рахметұлы

ЖАН ЖҮРМЕГЕН БІР ІЗДЕРДЕ

Жан жүрмеген бір іздерде
Ай түнейді күн ықтап.
Жомарт уақыт қымыз берген,
Ми ішінде тұнып қап.
Таңертеңгі ауаны алып
Келесіз бе, тәтті жыр?
Тазаланып, дауаланып...
Санамызда ат дүбір.
Мұңмен кепкен сыпсың іңір,
Қаламымның сиясы.
Маңдайымда жып-жылы бір
Бозторғайдың ұясы.
Жан баспаған бір іздерде
Жыр түнейді, жоза мың...
Ат жалына сыбызғы ерген,
Сыбызғы өрген бозамық.
Сыртым солай, мың күнгі елес,
Ізде жатқан жыр шеті.
Ешбір күштің ырқында емес
Тамшы ағады тырс етіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу