Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  80


Автор: Сұраған Рахметұлы

Үнсіз үйлер үрейлі

Үнсіз үйлер үрейлі,
Ит үрмейді жағы ісіп.
Біздің жаман көлеңкеміз
Қабырғада жабысып...
Әзәзілдің әптігіндей жел
Гулейді әредік.
Күздің күрең қабағымен
Күңіренді бақ іші.
Қырау болып, қырсау қонды,
Гүл бетіне жабысып.
Бұтақтардың жапырағы
Жерге қайтты тағы
Ұшып.
Жер мен аспан
Желімделіп, көңнің
Көбіс иісімен.
Аптығың да шапқылаған
Ай дидарлы
Ақ ұшақ.
Аспан мен жер бусанады,
Бұлт жамылып табысып.
Алатаудың мейірімі кең, шалқаяды
Ақ ішіп...
Мылтық аттым сол беймаза
Іңірде:
«Мә, бөлтірік!
Мә, қортық ит!
Мә, күшік!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу