Өлеңдер ✍️

  15.06.2022
  94


Автор: Сұраған Рахметұлы

Өлең сырғып барады темір мінген...

Өлең сырғып барады темір мінген,
Тозаң қалмай тарады
Небір күннен.
Сүйек артқан арбалар барады
Аулақ,
Иек артқан тіземді
Кемірдім Мен.
От шашырап оңбай бір шапалақтан
Қан саулайды қарадай
Нақақ ақтан.
Мың тамырдың төбесін тесіп
Тұрып,
Жыр сауынын жауады шапағы
Ақ таң.
Жанның бәрі содан соң жырға
Ащылап.
Тәнін басып күледі ұрғашы Бақ.
Шын күшімді сарқып бір
Күшенемін...
Тіл қыстырған құйрықтың
Жырмышынан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу