Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  105


Автор: Сұраған Рахметұлы

Бей бұлдырық, жел құсы...

Бей бұлдырық, жел құсы...
Бас жағымнан ұшып өткен
Сенбісің?
Ғұмырымның зырлап Қайтқан қайығы:
Менің тірі жүргенімнің Ең кіші –
Ғаламаты сенбісің?
О, бұлдырық,
Жел құсы:
Екі келмес уақыттың сел
Күші
Өлеңдердің өртеп Өткен шақтары:
Анашымның самайының Ақтары:
Менің сонша сүрінгенімнің
Белгісі.
Бей бұлдырық
Шабыттардың шалқып ұшқан
Шақтары
Нақ, нақ, нақ, нақ бәрі.
Қанатыңнан қайырылатын
Жел күші.
Жерге тамған шырақтарым Мың:
Ең күрделі Сұрақтарымның белгісі.
Бей бұлдырық...
Ең кіші.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу