Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  56


Автор: Сұраған Рахметұлы

Бұрыс қарап жүрсем де

Бұрыс қарап жүрсем де
Дұрыс деймін.
Көрінбейді бір түйір күріштей
Мін.
Құс жолында құлын жыр
Құйғытады.
Кештің мөлдір кірпігі
Күмістей мұң.
Ат тұяғын айланып
Ұшқан жұлдыз.
Айдың жүзін аймалап
Құшқан күндіз.
Бура шыңның ақ жолақ
Шудасына, Бәдіз қонды баяғы Тышқан Жылғы із...
Осы ендікте мәңгілік
Қаңғырсақ та.
Бір керемет күй шалқып
Жан құрсақта.
Бізге дұрыс әуенді
Үйретеді,
Үйректердің үнінен ән
Бұршақтап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу