Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  85


Автор: Сұраған Рахметұлы

Мұң Қарасу...

Мұң Қарасу,
Мың үйрек, құрақ аумақ,
Бүйірінде Бүркіттің
Қыран аунап...
Шыңның күміс төбесін
Желпіп қойып
Уыс бұлттың
Жиегі тұр алаулап.
Ала мұзарт, Ақзеңгір
Жалғыз өңді.
Ай табанын тірейтін
Мәңгі үзеңгі.
Менің мұңлы жырыма
Үн себеді
Кең жағалы зерең көл –
Шалғы жеңді.
Алақанында айналып
Сан жүз өңнің.
Нән түземнің күшімен
Сәл түзелдім.
Бөктерде өскен ерменнің
Әнін тыңдап,
Жағасынан Бұлғынның
Жалбыз емдім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу