Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  106


Автор: Сұраған Рахметұлы

Арс-арс етіп тас жолда

Арс-арс етіп тас жолда
қаншық етік,
Жүрегімді барады жаншып өтіп.
Күн кетеді осылай
күрең жолмен,
Әр сақалдың талшығын
мансұқ етіп.
Көсе болар сол уақыт
түбі тегі.
Уақытқа дарымас үміт ебі.
Келер шақтың әуені
сол кейіппен,
Кезеріңкі ерінін жібітеді.
Арс-арс етіп тас жолда
қаншық етік,
Ардың бетін барады
жаншып өтіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу