Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  88


Автор: Сұраған Рахметұлы

ТҮН

Түн емес қара шуақ –
түн дегенім.
Басымнан жауып тұрды
Бүлде мен Үн.
Қасымнан сылдыр қағып
қашады арық,
Үнсіз мұң,
Тілсіз әуен
Үндемегін...
Тірлігім жалғасады
түнде менің.
Түн болса майда қоңыр
зілді емемін.
Нілсіз дым,
шыңсыз дауа,
масаң арық...
Сүлдерін үнге сүйеп –
сүмбе кебім.
Бір сәтке ішке бүгіп
жүлге демін.
Алыста кісінейді
Құр дөненім.
Жұлдыздың шырағымен
Жанданайын,
Күндіздің лаңымен күнде
өлемін.
Түн болса басталады
еркіндігім.
Түн деген
– тылсым ғұмыр
серпінді ұғым.
Егілем ернеуінен
тістеп тұрып
Жыр деген түннен тамған
«ерітіндінің».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу