Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  219


Автор: Серікбол Хасан

Агентпен басталып таңымыз...

Агентпен басталып таңымыз,
Агентпен бітеді күніміз.
Сырласып отырмыз бәріміз,
Мұңдасып отырмыз біріміз.
Агентте құпия-сырымыз,
Агентте қуаныш-мұңымыз.
Сәт санап өлсе де күніміз,
Өзіміз әйтеуір тіріміз.
Уақыттың айырмай бағасын,
Агентке арбалып барасың.
Келмеске жоғалған күндердің,
Беретін Бір Алла бағасын!
Агентпен басталып күніміз,
Агентпен батады түніміз.
Сырғыған санаулы ғұмырдың,
Сұрауы боларын біліңіз...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу