Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  108


Автор: Серікбол Хасан

Нұрын шашып ғайыптан Хақ Тағала...

Нұрын шашып ғайыптан Хақ Тағала,
Қай шақта да біз, қазақ иманды едік.
Жүрсеңіз де қай жерде, Жаппар Алла,
Нұрландырсын жүректі иман беріп.
Ал иманды адамға амал – азық,
Аттап күнә баспаған елден едік.
Мол сауаптар жияйық жағаласып,
Кеткенінше тәніміз көрге еніп...
Батыс бізге төккенмен зәһар-уын,
Дінімізді сыйлайық құрметпенен.
Бабам қазақ ақтығын сақалының,
Ешқашан да күнәмен кірлетпеген...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу