Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  100


Автор: Серікбол Хасан

ӨЛЕҢ ЖАЗҒЫМ КЕЛЕДІ

Өлең жазғым келеді...
Өлең болып өрілгім.
Талай-талай тәтті ойдың құшағына көмілдім.
Қаламымды қолға алып, қанағатты ұмытқан,
Күндерімді еске алсам...
Көрем оның көбін мін.
Өлең жазғым келеді...
Өлең бірақ не теңім?
Құшақ жая тосады менің Кәусар мекенім.
Білетінім – әйтеуір, бірдеңелер сызғаным,
Күлетінім – ертең күн...
Бәрін тастап кетемін.
Өлең жазғым келеді...
Өлмес өлең, із-таңба,
(Құсни сәлем жолдаймын аспандағы құстарға).
Өлең – өлмес өрнегім, тірлігімнің куәсі –
Мені еске сап тұратын...
Мәңгі ұяма ұшқанда.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу