Өлеңдер ✍️

  14.06.2022
  133


Автор: Серікбол Хасан

ПАЙҒАМБАР

Жоқ, аға...
Келмейді ешқандай пір адам,
Бұл Жерді Бір Аллаһ рухымен құраған.
Уақытша мына әлем – біздерге сын-алаң,
Тозаққа жолдама алатын құлаған.
Жоқ, аға...
Аллаһтан пайғамбар сұраман,
(Ел тыныш, жұрт разы, дін аман).
Аллаһтың елшісі Мұхаммед нәбиім –
Ақырғы пайғамбар, ақырғы ұлы адам.
Дәл бүгін мына әлем – кәпірлер мекені,
Пәк Жердің абыройын ойрандап өтеді.
Адамды алдайды, дін құрап, жұрт жинап,
Ал өзін ақырғы «пайғамбар» етеді.
Біз болсақ, сіз айтқан кешеміз жарлы күн,
Ұмытып Аллаһтың Хақтығын, Барлығын.
Тым терең тыраштап, тыныштық іздейміз,
Құрбан қып өзгенің арманын, ар-мұңын.
Жүр ойлап әр адам қарынын, құлқынын,
Қанша жан нәпсіге құл болып жүр бүгін.
Аузы арақ сасыған, өзі – адам, рухы – өлік,
Осы ма, ей адам, аңсаған тірлігің?!
Ақырзаман төніп тұр алдыңнан аттан сап,
(Шіркін-ай, ақыретке Адам боп аттансақ?!)
Тырнағына Тажалдың тікендей қадалып,
Шәһид боп өлгенді жүргенім қатты аңсап.
Ерте ме, кеш пе екен, бұл Өмір сөнеді,
Әр құлдың қабіріне қара бұлт төнеді.
Шыңғырған дауыстар…
Шыдарлық қауқар жоқ,
Пайғамбар емеспіз,
Пендеміз себебі..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу